Гонконгтағы наразылық акциясында 22 жастағы студент қаза тапты

08.11.2019

Гонконгта наразылық акциясына қатысқан студент қаза тапты. 22 жастағы Чоу Цзы-Лок полиция қолданған көз жасаурататын газдан қашып, көлік тұрағының ғимаратына шығып, биіктен құлап кеткен.

Бұл оқиғадан кейін тәртіп сақшыларына онсыз да өкпесі қара қазандай студенттер наразылық акциясына шықты. Олар полиция әрекеттерінің шектен шығуын қатаң сынға алып, күш қолдануды доғаруды талап етіп жатыр.

Айта кетсек, Гонконгтағы наразылық акциялары 6-шы айға жалғасты. Соңғы уақытта олар полициямен қақтығыстарға жиі ұласып, қала жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шегіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу