Гонконг демонстранттары Хэллоуинде бетперде тағып, полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконг демонстранттары Хэллоуинде бетперде тағып, полициямен қақтығысты

01.11.2019

Гонконгта мыңдаған адам Хэллоуинді тойлауға арналған костюм және бетпердемен шерулетті. Осылайша халық демонстрацияларда маска тағуға тыйым салатын заңға наразылық білдіріп жатыр.  

Манифестанттар беттеріне мерекелік грим жасап, бетпердемен жүздерін жасырған. Олардың ішінде Гонконг лидері Кэрри Лам мен Қытай президенті Си Цзиньпин бейнеленген маскалар да бар. Бұл шараны тоқтату үшін, полиция адамдардан беттерін ашуды талап еткен. Алайда демонстранттар бұған құлақ аспаған соң, қауіпсіздік күштері көз жасаурататын газ қолданды. Содан кейін жұрт тәртіп сақшыларымен қақтығысып, бірнеше адам тұтқындалды.

Айта кетсек, Гонконгта бесінші айға ұласқан шерулер экономикаға кері әсерін тигізбей қоймады. Бейсенбіде қала басшылығы әкімшілік ауданның техникалық рецессияға ұшырағанын мәлімдеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу