Гонконгтағы ереуіл тоқтамай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгтағы ереуіл тоқтамай тұр

05.08.2019

Гонконгта бейберекетсіздік тоқтамай отыр. Бүгін полицейлер шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданды. Мұнда маусымның 9-нан бері миллиондаған адам қылмысты деп танылған азаматтарды материктік Қытайға экстрадициялау туралы заңға наразылық білдірді. Қазір демонстранттар жергілікті үкіметке қарсы ұрандар көтеріп жатыр. Ауқымды манифестациялар тәртіп сақшыларымен қақтығысқа жиі ұласатын болды.

Соңғы мәліметке қарағанда, Гонконгта жүздеген әуе рейсі доғарылған немесе кейінге қалдырылған. Шерулерге байланысты бұл арнайы әкімшілік ауданға баратын туристер саны азайып, қонақүйлер босап жатыр. Болжамдарға қарағанда, саяси тұрақсыздық онсызда өсімі баяулаған экономикаға кері әсер етеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу