Қытайда демонстранттар көз жасаурататын газ қолданған полицияға жанғыш бомбалар лақтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда демонстранттар көз жасаурататын газ қолданған полицияға жанғыш бомбалар лақтырды

01.10.2019

Гонконгта билікке қарсы наразылық акциясы тағы да полициямен қақтығысқа ұласты. Демонстранттар тәртіп сақшыларына отты шөлмектер мен тас лақтырған. Бұған жауап ретінде полиция көз жасаурататын газ қолданды. Соңғы мәліметтер бойынша, олар тіпті оқ атып, бір адамды кеудесінен жаралаған. Ал қақтығыстан 15 адам зардап шекті. Дәрігерлердің айтуынша, олардың біреуі ауыр халде жатыр.

Осылайша, шерушілер Қытай Халық Республикасының 70 жылдығын тойлау мерекесін пайдаланып, өздеріне назар аудартуға тырысты.

Айта кетсек, Гонконгтағы экстрадиция жөніндегі заңға қарсы шерулер 4-ші айға жалғасты. Аталған заңның күші жойылғанымен, енді наразы жұрт биліктің қызметтен кетуін талап етіп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу