Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола вирусына байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялады
Конго Демократиялық Республикасында анықталған «Эбола» вирусының басқа елдерге жаппай таралу қаупі бар. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялады. Өлімге апарып соқтыратын аурумен күресу үшін халықаралық қауымдастық қаражат бөлуі тиіс дейді ұйым басшылығы. Конгода вирустың таралу қаупі аса жоғары деп бағаланып отыр. Дегенмен адамдардың қозғалысы мен жүк тасымалына шектеу енгізілмейді. Мамандардың айтуынша, мұндай тыйым салу шаралары жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Себебі адамдар шекарадан заңсыз өтуге тырысып, жұқпалы аурудың таралуын арттырады. Айта кетсек, Конгода бір жылдан бері қауіпті вирусты 2,5 мың адам жұқтырған. Олардың 1600-ден астамы қайтыс болды. 
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау учаскелеріндегі Exit Poll жұмысы жалғасуда
23.08.2026, 16:16
Құрылтай сайлауы: Дауыс берушілердің жартысынан көбі таңдау жасады
23.08.2026, 16:15
Түркияда дауыс берушілер белсенді
23.08.2026, 16:13
Биыл 60 мың оқушыға арналған 101 мектеп салынбақ
23.08.2026, 16:13
Риддерде жаңа қазақ мектебі пайдалануға беріледі
23.08.2026, 16:12
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Өзекті тақырыптар талқыланып жатыр
23.08.2026, 16:11
ТМД ПА миссиясы: Дауыс беруге бар жағдай жасалған
23.08.2026, 16:10
Құрылтай сайлауы – ел ертеңіне жасалған қадам
23.08.2026, 16:10