Жапония электрондық техникаға қажетті құрылғыларды сатуға тыйым салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония электрондық техникаға қажетті құрылғыларды сатуға тыйым салмақ

16.07.2019

Оңтүстік Корея саудагерлері жапон тауарларына бойкот жариялауға шақырып, митингке шықты. Наразы халық жапондық бренд киімдерін кесіп, сырасын қоқыс жәшігіне төкті. Осылайша халық Токионың елге нанотехнологиялық материалдарды экспорттаудан бас тартуына наразылық білдірді.

Сеулдің айтуынша, Жапония Біріккен Ұлттар Ұйымының санкцияларына қарамастан, Солтүстік Кореяға бірнеше жыл бойы тауар жеткізіп келген. Бұл мәлімдемеден кейін Токио электр техникасын өндіруге қажетті бөлшектермен бөлісуді тоқтатты. Сонымен қатар Оңтүстік Корея электрониканы халықаралық шектеулерге қарамастан Солтүстік Кореяға сатты деп мәлімдеді. Алайда бұл айыптауларды ел президенті Мун Чжэ Ин жоққа шығарып отыр.

 

Мун Чжэ Ин, Оңтүстік Корея президенті:

 

Токионың экспортты шектеуі Жапония экономикасы үшін айтарлықтай зиянын тигізетінін ескерткім келеді. Дипломатиялық шешімге келу үшін Жапония үкіметі Оңтүстік Кореяға қысым көрсетуді тоқтатуы тиіс.

 

Екі ел арасындағы дау тарихтан бастау алады. 1910-1945 жылдары Корея Жапонияның отары болғанда, корейлер тегін жұмыс күші ретінде Жапонияға жіберілген. Былтыр Оңтүстік Корея соты сол адамдарға жұмыс істеткен компанияларды өтемақы төлеуге міндеттеді. Алайда Токио ол қарымақыны 1965-жылы өтегенін айтып, тағы ақша бермейтінін білдірді.

 

 Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу