Көкөністі экспорттауға кедергі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкөністі экспорттауға кедергі жоқ

16.04.2020

Көкөніс-бақша дақылдарын экспорттауға ешқандай кедергі жоқ. Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Төтенше жағдайға байланысты азықтық картопты ғана өзге елдерге сатуға тыйым салынған. Себебі егіс науқанына дейін тұқымды сақтау керек. Қазір қоймаларда өзімізге қажетті қор бар. Ал сәбіз, қырыққабат, пияз секілді дақылдарды еш кедергісіз шет елдерге шығаруға болады. Фитосанитарлық сертификаттарды беру штаттық режимде жүргізіліп жатыр.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу