Үндістан электронды темекіге толық тыйым салатынын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан электронды темекіге толық тыйым салатынын жариялады

19.09.2019

Мұны осы елдің қаржы министрі Нирвала Ситхаваран Делиде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді. Оның сөзінше, электронды темекі денсаулыққа зиян, әсіресе, жастарға үлкен қауіп төндіріп тұр. Жаңа заңға сәйкес, электрондық темекіні өндіруге, импорттауға, экспорттауға, тасымалдауға, сатуға, таратуға, қоймада сақтауға және жарнамалауға тыйым салынады. Бұл ережені бұзғандар бір жылға сотталады немесе 1400 доллар айыппұл төлейді. Дегенмен, Үндістан Вейперлер қауымдастығының мәлімдеуінше, үкімет салған тыйым миллиондаған адамды дәстүрлі әрі зиянды темекіге оралуға мәжбүрлеп, сол шылымды өндіретін табак компанияларының табысын арттырады . Айта кетсек, АҚШ-та электрондық сигаретпен байланысты аурулардан 7 адам қайтыс болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу