Қазақстанда темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді

06.08.2020
Қазақстанда темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді

Енді темекі шегуге болмайтын қоғамдық орындар қатарына балалар алаңы мен автобус аялдамасы қосылды.

Сондай-ақ, қоғамдық орын деп танылған жерлерде қорқор, электронды темекі және өзге де темекі өнімдерін тартуға болмайды. Тіпті кафе, терасса және көшеде де қорқор тартуға тыйым салынуда. Мұндай жерлерде тәртіп бұзған азаматтарға салынатын айыппұл көлемі 42 000 теңгеге дейін көтерілді.

«Бұл қорқор өнімдерін тек өз үйінде пайдалануға болады деген сөз»,- дейді алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков.

Жақында қазақстандықтар темекі немесе алкоголь өнімдерін сатып алғанда құжат көрсетуге міндеттелетіні туралы заң жобасы қабылданған болатын.

Ал 2021 жылғы 1 шілдеден темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып, сатуға тыйым салынады.


Хабарламаларға жазылу