Ресей мен Украина таласқа салған сақ алтыны әзірге Нидерландыда қалады. Амстердамның аппеляциялық соты аталған іс бойынша шешімді кейінге қалдырды.
Бұған дейін Қырым музейлерінде болған экспонаттар Ресей 2014 жылы түбекті аннексиялағанға дейін Нидерландыдағы көрме үшін апарылған. 2000-ға жуық тарихи жәдігердің ішінде көне гректер мен сақтардың алтын мен қымбат тастардан жасалған заттары бар. 2014 жылғы референдумнан кейін Киев бұл жәдігерлердің Украинаға тиесілі екенін жариялады.
Ал, 2016 жылы Амстердам соты оларды Украинаға беру туралы қаулы қабылдаған. Дегенмен, Қырым музейі шешімге шағым түсіріп, артефактарды қайтаруды талап етті.
Сондықтан Ресей сот шешімі оған қарсы болса да, сақ алтынадары үшін күресін жалғастыратынын ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ