Мәскеуде шеруге шыққан 40-қа жуық адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде шеруге шыққан 40-қа жуық адам тұтқындалды

15.07.2019

Мәскеуде оппозициялық үміткерлерді қолдауға байланысты өткен шеруде полиция 40-қа жуық адамды тұтқындады. Оларға заңсыз митинг өткізу және әкімшілік құқықбұзушылық баптары бойынша айып тағылып отыр. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары демонстранттарға қарсы күш қолданған. Кейбір зардап шеккендер медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

Халық кандидаттардың Мәскеу қалалық Дума сайлауына қатысуын талап етіп отыр. Бұған дейін аймақтық сайлау комиссиясы тәуелсіз үміткерлерге берілген қолтаңбалардың біразын қабылдамады. Сондықтан олар тіркеуден өтпей қалуы мүмкін. Бұған ашынған халық «сайлау әділ өтсін» деп ұрандатты.

Қалалық Дума депутаттығына үміткерлер қолдаушылардан 5 мыңға жуық қолтаңба жинауы тиіс. Ал тіркеу туралы шешім шілденің 16-на дейін қабылданады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу