Иран АҚШ әскерінің дронын атып түсірді
Бұл туралы Ислам Революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы Хоссейн Салами хабарлады. Оқиға Парсы шығанағындағы Хормозган провинциясында болған. Саламидің айтуынша, ұшқышсыз аппарат елдің әуе кеңістігін бұзды. Болжам бойынша, ол барлау жасап, құпия деректерді жинау үшін қолданылған.
Дегенмен, Пентагон ұшу аппаратына бейтарап әуе кеңістігінде соққы берілді дейді. Соңғы уақытта, екі ел арасындағы жағдай ушығып тұр. Вашингтон Иранға қарсы санкциялар енгізіп, Таяу Шығысқа қосымша 1000 сарбаз жіберді. Ал, Ислам Республикасы АҚШ әскерін террористік ұйым деп атап, ядролық бағдарламадан бас тартпайтынын ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдетуді тапсырды
23.08.2026, 20:00
«Байтақ» партиясының төрағасы дауыс берді
23.08.2026, 19:00
Ауыл тұрғындары белсенді дауыс беруде
23.08.2026, 18:09
Шымкентте 200 орындық перинаталдық орталық салынып жатыр
23.08.2026, 18:07
Өндірістік нысандар базасында 4 сайлау учаскесі бар
23.08.2026, 18:07
EXIT РOLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 18:05
Құрылтай – саяси дамудың жаңа кезеңі
23.08.2026, 18:00
Қосшылықтардың 50%-дан астамы таңдау жасады
23.08.2026, 18:00