Құрылтай – саяси дамудың жаңа кезеңі
Бір палаталы Құрылтай - уақыт талабы және ең тиімді шешім. Еліміздегі белді саясаттанушылар Құрылтай атауының тарихы туралы, жаңа институттың мән-маңызы мен негізгі миссиясы жайлы сараптама жасап, ұтымды тұстарын көрсетіп, оң пікір білдіріп жатыр.
Еліміздің саяси жүйесінде тарихи өзгеріс
болып жатыр. Қазақстан қос палаталы Парламенттен бірпалаталы Құрылтайға бет
бұрды. Бұл - елдің заң шығару жүйесін жаңғыртып, шешім қабылдау үдерісінің
сапасын арттырып, жеделдетуге бағытталған қадам.
Индира Рыстина, саясаттанушы:
Сенат бұл қосымша сараптама жасайтын және бақылау жасап отыратын, сондай негізгі палата болып келді. Қазіргі уақытта біз кәсіби парламентке өткен кезде оның қосымша тексеріс институттарының қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ, бұрынғы кезде мәжілістің екі оқылымынан өткен заң жобасы сенаттың екі оқылымында қаралатын болса қазіргі уақытта біз құрылтайдың үш оқылымына ғана тоқталамыз.
Құралай Садықова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы басқару институтының директоры:
Қазір өздеріңіз білесіздер цифрлық дәуір дейді. жылдам қарқынды даму дәуірінде құқықтық актілерді, соның ішінде заңдарды жылдам қабылдау, Бір палаталы парламенттің құрылуы, Құрылтайдың құрылуы бұл мемлекеттік, саяси шешімдерді, құқықтық актілердің жылдамдығын қамтамасыз ету.
Осы өзгерістердің барлығы елдің саяси дамуындағы жаңа кезең ретінде бағаланып отыр. Бірпалаталы Құрылтайдың құрылуы Қазақстанның конституциялық тарихындағы маңызды бетбұрыс болмақ. Жаңа саяси институттың тағы бір ерекшелігі – оның депутаттық корпусы мен қалыптасу тетігі.
Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Құрылтай 145 депутат. партиялық тізіммен ең бастысы. Сондай-ақ, 22 жылы конституциялық өзгеріс бюойынша президент ешқандай партияда тұрмайды. Яғни, президент партияның мүшесі емес, немесе басшысы емес. Бұл еліміздегі демократиялық процестердің ілгерілуеуіне үлкен үлес қосып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей . Құрылтайда қазақ халқының ұлт ретінде жүріп өткен тарихи жолындағы маңызды тарихи шешімдер қабылданған. Сондықтан, бұл Құрылтай - ел болашағына бастар маңызды әрі тарихи қадам.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы