Иран қордағы уран мөлшері көбейтпек
Алдағы күндері Иран әлем державаларымен жасалған ядролық келісімді бұзуға тағы бір қадам жасайды. Техран 10 күннен кейін қордағы уранының мөлшерін көбейтеді. Мұны бүгін елдің Атом энергиясы ұйымының өкілі Бехруз Камал-ванди мемлекеттік телеарнадан хабарлады. Оның айтуынша, Ислам Республикасы бұдан былай байытылған уранды 300 келіден көп сақтауға құқылы.
Сонымен қатар, Камал-ванди Еуропа Одағы елдерін Иранды АҚШ-тың санкцияларынан қорғауға шақырды. 2015 жылы қабылданған ядролық келісімнен АҚШ былтыр мамырда шығып, бұл елге қарсы санкцияларды қалпына келтірген еді. Ал Техран ол құжаттың кейбір шарттарын орындауды өткен айда тоқтатты.
Арыстан РЫСБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдетуді тапсырды
23.08.2026, 20:00
«Байтақ» партиясының төрағасы дауыс берді
23.08.2026, 19:00
Еріктілер елге қызмет етеді
23.08.2026, 19:00
Еңбек адамын дәріптейтін жол картасы қажет
23.08.2026, 19:00
Әлем ақпарат құралдары құрылтай сайлауы туралы хабар таратты
23.08.2026, 19:00
ҰҚШҰ байқаушылары: сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған
23.08.2026, 19:00
Қоғамдық байқаушылар коалициясының 500-ден астам өкілі жұмыс істеп жатыр
23.08.2026, 19:00
Үздіксіз жұмыс істейтін 9 кәсіпорында арнайы сайлау учаскелері ашылды
23.08.2026, 19:00