ҰҚШҰ байқаушылары: сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Мамандардың сөзінше сайлау комиссияларының мүшелері мұндай іс-шараларды өткізуде мол тәжірибесі бар екені байқалады.
Андрей Картополов, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі:
Учаскелер сайлаудың заңнама талаптарына қатаң сәйкес өтуі үшін қажетті дүниемен толық қамтамасыз етілген. Бұл учаскелерде жұмыс істеуге тартылған қызметкерлер дайындықтан өткен, өздерінің функционалдық міндеттерін біледі және оларды ойдағыдай орындай алады.
ШЫҰ байқаушылары: заң бұзушылық болып жатқан жоқ
20-тамызда Қазақстанға келіп сайлау алды дайындық жұмыстарын да бақылаған Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары ешқандай заң бұзушылық байқамағанын айтты. Ұйымға мүше алты мемлекеттен 17 байқаушы аккредиттелген.
Тхажудин Риас Мидхун, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары:
Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзу дерегін байқаған жоқпыз және ешқандай шағым түскен жоқ. Дегенмен, процестің әлі де жалғасып жатқанын атап өткім келеді. Біздің команда сайлау процесін байқауды жалғастырада, сондықтан ертең осы жұмысты қорытындылаймыз.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17