Түркияның батыс жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып, 8 адам қаза тапты. Жағажай күзеті 31 адамды құтқарып үлгерді. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады. Оқиға елдің Муғла провинциясының Бодрум ауданында болған. 40-қа жуық заңсыз мигрант шағын қайықпен ел аралап бара жатқанда апатқа ұшыраған. Оларды құтқару үшін екі кеме, дайвинг-бригада, тікұшақ аттандырылды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, 2015 жылдан бастап Түркияның теңіз сулары арқылы Еуропаға ағылған мигранттар саны күрт өсті. Олардың көбі – Таяу Шығыс пен Африкадан қашқандар. Бұған тыйым салу үшін Анкара Брюссельмен келісім жасап, мигранттар көшіне шек қойған еді. Дегенмен, соғыс пен кедейшіліктен бас сауғалаған босқындар үшін бұл пәтуа тоқтау болар емес.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ