Румынияда толассыз жауған жауыннан елдің оңтүстік-шығысын су басты
Ондаған тұрғын үй зардап шегіп, 171 адамды эвакуациялауға тура келді. Нөсер жаңбыр мен күшті желден жолдарды су шайып, көпір қираған. Елдің төтенше жағдайлар инспекциясының хабарлауынша, құтқарушылар 5 күн қатарынан тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Олар жертөлелерді судан құрғатып, көшелерді тазалап, зардап шеккен аудандарға құм толтырылған қаптар жеткізді.
Қазір жауын-шашын басылған. Дегенмен, жергілікті билік құтқару жұмыстары әлі бірнеше күнге жалғасатынын мәлімдеп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24