Польшаға алапат торнадо соққы берді
Польшаның шығысына алапат торнадо соққы беріп, 1 адам қаза тапты. Ал, Люблин воеводствосында 120 ғимарат қираған. Дауылдың күшті болғаны соншалық - ол ағаштарды тамырымен жұлып, үйлердің шатырын ұшырып әкеткен. Сонымен қатар, өңірді су тасқыны жайлап, электр жарығы сөнді.
Тұрғындардың айтуынша, құйын әп-сәтте басталып, 10 секундта елді мекенді жайпап кеткен. Апатқа байланысты төтенше жағдай штабы құрылып, құйын мен тасқын салдарымен күреске екі мыңнан астам құтқарушы жұмылдырылды. Ал, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан премьер-министр Матеуш Моравецкий зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бас прокуратура: 7 адамға айыппұл салынды
23.08.2026, 22:00
Учаскенің жабылуына 2 сағатқа жуық уақыт бар
23.08.2026, 22:00
Түркияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 22:00
Дауыс берудің алдын ала қорытындысы
23.08.2026, 22:00
Ресейден тікелей қосылым: Сайлауда жастар белсенділік танытып жатыр
23.08.2026, 21:28
«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай дауыс берді
23.08.2026, 21:00
Прагадағы сайлау учаскесінде 200 адам тіркелген
23.08.2026, 21:00
Сайлау барысын 2284 байқаушы қадағалады
23.08.2026, 21:00