Дауыс берудің алдын ала қорытындысы
Елдегі барлық сайлау учаскелерінде сағат 20:00-де дауыс беру аяқталды. Комиссиялар бюллетендерді санап жатыр. Сайлау заңы бойынша бұл процесс 12 сағаттан аспауы тиіс. Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі ақпараты мынадай: Түркістан облысы ең белсенді өңір болып көш бастап тұр. Түркістандықтардың 91,19 пайызы таңдауын жасаған. Одан кейін тізімде Жетісу және Қызылорда облыстары. Ал Алматы қаласының 43, астаналықтардың 51 пайызы сайлау учаскесіне келіп дауыс берген. Сағат 20:00-дегі ақпарат бойынша 9352151 сайлаушы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74 пайызы.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17