Ұлыбританияда учаскенің жабылуына 2 сағатқа жуық уақыт бар
Ұлыбританияда Құрылтай сайлауы әлі жүріп жатыр. Өйткені Лондон Астана уақытынан 4 сағат артта. Демек учаскенің жабылуына 2 сағаттай уақыт бар. Бүгін әсіресе «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер қауымы белсенді. Тұманды Альбионда олардың саны 250-ден асып жығылады. Жалпы, елшіліктің консулдығында Қазақстан Республикасының мың жарымнан астам азаматы есепте тұр. Олардың 300-дейі ел тарихындағы ең тартысты науқанға қатысуға ниет білдірген. Тіркеліп үлгермегендері де елшілікке барып, заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес дауыс берді.
Әсем Қоңырқанова, «Болашақ» стипендиясының иегері:
Бұл - менің міндетім, азаматтық міндетім. Сондықтан да Лидс қаласынан 5 сағаттық жол жүріп, Лондон қаласына, елшілікке сайлауға дауыс беруге келдік.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25