«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай дауыс берді
Алғашқы Құрылтай сайлауына қатысып жатқан 7 партияның өкілдері өз учаскелеріне барып таңдау жасады. Бюллетерін жәшікке тастай сала тілшілерге тоқтап сұхбат берді. Бүгіннің маңызына тоқталып, неліктен тарихи күн деп есептейтіндерін айтты. Үгіт-насихат жұмыстары кезіндегі азаматтардың белсенділігін ерекше атап өтті.
«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай дауыс берді
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол азаматтардың сайлауға қатысуы және азаматтық жауапкершілік танытуы аса маңызды екенін атап өтті.
ЖСДП Төрағасы Асхат Рахымжанов өз таңдауын жасады
ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов № 332 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бүгін жаңа өкілді орган Құрылтай құрылатынын айтып қазақстандықтарды құттықтады.
«Байтақ» Партиясының Төрағасы Құрылтай сайлауында дауыс берді
«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев та саяси науқаннан тыс қалмады. Әміртаев ел азаматтарының саяси көзқарастары, бағдарламалары әртүрлі болғанымен, ортақ мақсат елдің болашағы екенін атап өтті.
ҚХП Төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов өз таңдауын жасады
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. «Партиялар арасындағы қызу пікірталастар мен түрлі пікірлердің ашық айтылғанына куә болдым» деген ол сайлаудың да ашық әрі әділ өтетініне сенім білдірді.
«Ауыл» Партиясының Төрағасы дауыс берді
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов № 83 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Айтуғанов сайлау учаскесіндегі дауыс берудің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
Дания Еспаева Құрылтай сайлауында дауыс берді
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева Құрылтай сайлауында дауыс беріп, бүгінгі күнді ел тарихындағы маңызды кезең деп атады. Партия төрағасы азаматтардың саясатқа деген қызығушылығы мен белсенділігі сайлауалды науқан кезінде де артқанын атап өтті.
Respublica Төрағасы Айдарбек Қожаназаров таңдауын жасады
Республика
партиясының төрағасы да саяси науқаннан қалыс қалмады. Айдарбек Қожаназаров Астанадағы №101 мектеп-лицейінде орналасқан №256 сайлау
учаскесінде дауыс берді. Сайлауалды үгіт-насихат науқанын көкпарға теңеген ол
азаматтар үгіт-насихит кезінде де, бүгін де белсенді екенін айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы