«ДАИШ» лидерінің видеожазбасы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» лидерінің видеожазбасы жарияланды

30.04.2019

«ДАИШ» қарулы тобының лидері Әбу Бәкір әл-Бағдади туралы соңғы бес жылда алғаш рет видео жарияланды. Осы ұйымның «әл-Фурқан» агенттігі таратқан кадрларда экстремистер жетекшісі Сирияда жеңіліске ұшырағанын мойындай отырып, жиһадты ақирет күніне дейін жалғастыруға сөз берді. Тағы бір сөзінде ол Пасха кезінде Шри-Ланкада 250-ден астам адамды мерт қылған алапат жарылыстарды Батыстан кек алудың бір бөлігі деп атап өтті.

Кейінгі жылдары әл-Бағдадидің қаза тапқаны туралы мәліметтер бірнеше рет жарияланды.

АҚШ үкіметі оның басына 25 миллион доллар тігіп отыр. Вашингтон әл-Бағдадиді террористік шабуылдар ұйымдастырып, адамдарды жаппай қырғынға ұшыратты деп айыптап келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу