«ДАИШ» содырлары беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» содырлары беріліп жатыр

01.03.2019

«Даиш» содырлары мен олардың отбасы мүшелері АҚШ-қа арқа сүйеген Сирия демократиялық күштеріне беріліп жатыр. Олар елдің шығысында, яғни, Ирак шекарасы маңында орналасқан Бағоз ауылында қаруын тастаған. Бұл – «ДАИШ»-тың қолында қалған соңғы елді мекен. Жалпы алғанда, кейінгі үш айда осы анклавтан 40 мыңдай адам кеткен. Бағозды толық босатуға экстремистердің бейбіт халықты тірі қалқан ретінде пайдалануы кедергі.

«ДАИШ» Ефрат өзенінің батысында тағы бір аумақты бақылауда ұстап отыр. Бұл жерлерден айрылса, ол партизандық тактикаға көшеді деген болжам бар. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық жауынгерлермен кездесуде «ДАИШ»-тың қарамағындағы ауылды Сирия демократиялық күштері 100 пайыз қайтарғанын мәлімдеді. Ал, күрд отрядтары Бағозды бір аптадан кейін азат етуді жоспарлап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу