ДАИШ лидерінің әйелі тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДАИШ лидерінің әйелі тұтқындалды

07.11.2019

Түркия ДАИШ-тың бір аптадан астам уақыт бұрын жойылған лидері Әбу Бәкір әл-Бағдадидің әйелін қолға түсірді. Мұны сәрсенбі күні президент Реджеп Тайып Ердоған Анкара университетінде мәлімдеді. Оның сөзінше, Сирияда жүргізілген операция кезінде Бағдадидің әпкесі мен жездесі және олардың қызы да тұтқындалған. Мұны Ердоған алғаш рет жариялап отыр.

Ал Түрік үкіметі өкілдерінің сөзінше, Бағдадидің бірінші әйелі Асма әл-Кубайси былтыр маусымда Түркияның Хатай провинциясында жүргізілген рейд кезінде ұсталды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу