Марави қаласы содырлардан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марави қаласы содырлардан босатылды

23.10.2017

5 ай бойы экстремистердің бақылауында болған Марави қаласы бүгін содырлардан толық азат етілді. Мұны Филиппиннің қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Әскерилер қаладан қарулы топтың соңғы 42 мүшесінің денесін тапқан. Мұсылмандар тұратын Маравиге «ДАИШ»-тың қара туын ұстаған экстремистер мамырдың 23-де баса-көктеп кірді. Сол кезден бергі қақтығыстардан 1100 адам қаза тапты. Ал, радикалдар кепілге алған 1780 адамның барлығы босатылды.

Өткен аптада Филиппиннің қауіпсіздік күштері осы қарулы топтың ықпалды екі лидерінің көзін жойды. Бұған дейін әлемдік қауымдастық бұл ұйымның көмегімен «ДАИШ» Оңтүстік Шығыс Азияда бекініс табады деп алаңдап келген еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу