Дональд Трамп ДАИШ лидерінің өлгенін хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп ДАИШ лидерінің өлгенін хабарлады

28.10.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп ДАИШ тобының лидері Әбу Бәкір әл-Бағдадидің ит тәрізді өлгенін айтты. Бұл турасында ол Ақ үйден жасаған телевизиялық үндеуінде мәлімдеді. Трамптың сөзінше, Бағдади Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында америкалық арнайы қызмет жүргізген рейд кезінде жан тәсілім еткен. Президенттің сөзінше, туннельге қашқан Бағдади «қыңқылдап, жылап барып», өзін-өзі жарып жіберді. Онымен бірге үш баласы мен көптеген серігі де мерт болған.

Әл-Бағдадидің содырлары Ирак пен Сирияның төрттен бірін басып алып, 2014 жылы халифат жариялады. ДАИШ әлемнің бес континентінде шабуылдар ұйымдастырып, талай шетелдіктің басын кесіп, ислам әлемінің үлкен наразылығын тудырды. 

Әсіре діншіл топ жаулап алған территорияларының түгелге жуығынан айырылды. Бірақ қауіпсіздік жөніндегі сарапшылардың ойынша, бұл экстремистік ұйымнан дүниежүзіне төнген қатер әлі сейілген жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу