БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш Қытайға сапары барысында Шыңжаңдағы ұйғырлар мәселесін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш Қытайға сапары барысында Шыңжаңдағы ұйғырлар мәселесін көтерді

30.04.2019

Бұл туралы осы ұйымның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдеп отыр. Айта кетсек, Қытай бір миллиондай ұйғыр мен өзге мұсылмандарды қайта білім беру лагерлеріне еркінен тыс жапты деп, әлем елдерінің наразылығына ұшырап отыр. Дегенмен, Бейжің өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, басқа мемлекеттерді елдің ішкі істеріне араласпауға шақырды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу