Мектептегі атыстан 10 адам қаза тапты

14.03.2019

Бразилияның Сан-Паулу штатындағы мектепте атыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Полицияның айтуынша, қаруланған екі ер адам оқу орнына басып кіріп, оқ жаудырған. Олар бетпердемен жүздерін жасырыпты. Қаза тапқандардың бесеуі – 15-16 жас аралығындағы оқушылар, екеуі – мектеп қызметкері.

Сондай-ақ, қылмыскерлер автокөлік ұрлап, оның қожайынын да атып кеткен. Ал қанды қырғыннан кейін олар өздеріне қол жұмсапты. Шабуыл жасаушылар 17 және 25 жастағы мектептің бұрынғы түлектері екен. Әзірге олардың мұндай әрекетке не себепті барғандары белгісіз. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу