Мәскеуде фабрикадағы атыстан 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде фабрикадағы атыстан 1 адам қаза тапты

27.12.2017

Мәскеудегі «Меньшевик» кондитерлік фабрикасында атыс болып, 1 адам мерт болды. Шабуылшы өзін осы кәсіпорынның бұрынғы қожайыны деп атаған. Оның сөзінше, бұл фирманы біреулер одан жалған құжатпен тартып алды.

Ресей тергеу комитетінің мәлімдеуінше, шабуылшы фабрика аумағында қазіргі басшымен сөзге келгеннен кейін оған оқ жаудырған. Ауыр жараланған бір күзетші қаза тапты. Қазір полицейлер күдіктіні ұстауға әрекет жасап жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу