Шекарадағы атыстан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы атыстан 4 адам қаза тапты

17.09.2019

Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жанжалдан Тәжікстанның 3 шекарашысы мен бір қырғызстандық шекарашы қаза тапқан. Тағы 13 адам жараланды. 

Оқиғаға екі ел арасындағы даулы аумақта тәжіктердің құрылыс жұмыстарын жүргізуі себеп болды. Бұған жауап ретінде қырғыздар аталған жерді өз мемлекетінің иелігі деп, оған қоршау тұрғыза бастаған. 

Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, тәжіктер бірінші болып қару қолданып, екі постқа шабуыл жасаған. Дегенмен, Исфара қаласының әкімшілігі қарсылас тараптың сол аумақта құрылыс салуға құқығы жоқ деп, Қырғызстанның өзін айыптап отыр.

Айта кетсек, бұл – қырғыз-тәжік шекарасында жыл басынан бері болған үшінші қақтығыс. Осыған дейінгі жанжал салдарынан жақын маңдағы елді мекен тұрғындарын эвакуациялауға тура келді. Қазір екі ел билігі өңірдегі жағдайды реттеу жолдарын қарастырып жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу