Финляндияда мектептегі атыстан 12 жасар оқушы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндияда мектептегі атыстан 12 жасар оқушы қаза тапты

02.04.2024

Финляндияда мектеп оқушысы оқ жаудырып, екі баланы жаралап, біреуін мерт қылды. Оқиға ел астанасы Хельсинкидің солтүстігіндегі Вантаа қаласында осыдан бірнеше сағат бұрын болды.

Соңғы мәліметке қарағанда, 12-жастағы күдікті тұтқындалды. Жараланғандар мен қаза тапқан бала да 12 жаста. Қазір шабуылдың себебі тергеліп жатыр.

Финляндия аңшылар елі ретінде кеңінен танымал. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, халқының саны 5,5 миллион мемлекетте қазір 1,5 миллиондай қару бар.


Хабарламаларға жазылу