Трамп пен Ким екінші мәрте кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Ким екінші мәрте кездеседі

06.02.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның екінші саммитінің өтетін күні мен орны мәлім болды. Олар ақпанның 27-28 күндері Вьетнамда жүздеспек. Мұны Трамп Конгресске жолдауында мәлімдеді. Бұған қоса, Трамп өзі президент болып сайланбағанда, АҚШ қазір Солтүстік Кореямен соғыс жағдайында болушы еді деп мәлімдеді.

Алғаш рет Трамп пен Ким былтыр маусымда Сингапурда кездескенде Пхеньян Корей түбегін ядролық қарудан тазартуға келіскен еді. Ал, Вашингтон өз кезегінде Солтүстік Кореяға қауіпсіздік кепілдігін беруге уәде етті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу