Сингапурде тарихи саммит алдында қауіпсіздік күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурде тарихи саммит алдында қауіпсіздік күшейді

11.06.2018

Сейсенбіде мұнда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын кездеседі. Тарихи маңызды оқиға туралы хабар тарату үшін Сингапурға әлемнің түкпір-түкпірінен журналистер жиналған. Бұл Солтүстік Корея лидерінің АҚШ-тың биліктегі президентімен тұңғыш кездесуі болмақ. Трамп пен Ким қазір Сингапурда. Солтүстік Корея лидері Сингапур үкімет басшысымен кездесті. Вашингтон осы саммит арқылы Пхеньянды ядролық қарудан бас тартуға жетелейтін үрдістерді іске қосатынына үмітті.

Солтүстік Корея болса, санкциялар құрсауынан босауды көздейді. Сарапшылардың сөзінше, күшейтілген шектеу шаралары салдарынан бұл ел қазанда мүлдем шетелдік валютасыз қалуы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу