Трамп пен Ким Сентоса аралында кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Ким Сентоса аралында кездеседі

06.06.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Сингапурдың Сентоса аралында кездеседі. Мұны Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс хабарлады. Оның сөзінше, екі басшы келіссөздерді «Капелла» қонақ үйінде жүргізеді.

Саммит маусымның 12-і күні таңертең басталады. Онда Трамп Кимді ядролық зымыран бағдарламасын жабуға үгіттеп көреді. Егер бұған көнбесе, Құрама Штаттар президенті Солтүстік Кореямен көсемімен кездеспейтінін ескерткені белгілі.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу