Венесуэлада Мадуроның билігіне қарсы шеру өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада Мадуроның билігіне қарсы шеру өтіп жатыр

25.01.2019

Венесуэлада билік дағдарысы күшейіп келеді. Президент Николас Мадуро президенттік постты өзін уақытша мемлекет басшысы деп жариялаған Хуан Гуаидоға қолдан бермейтінін аңғартты. Дегенмен, оппозиция лидері және парламент төрағасы Гуаидо ант бергеннен кейін көзден ғайып болған. Оның қайда екені әзірге белгісіз. Ал, Мадуроға Ресей, Қытай, Иран, Сирия, Куба, Түркия қолдау білдірді. Венесуэла армиясы да Мадуроны елдің «заңды президенті» деп мәлімдеп, оппозицияны мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Латын Америкасының он шақты елі мен АҚШ, Ұлыбритания, Канада болса, 35 жастағы Гуаидоның билігін жақтап отыр.

Венесуэлада соңғы күндері жүздеген мың адам билікке қарсы шеруге шығып, оның соңы қақтығысқа ұласып, 14 адам қаза тапты.

Айта кетсек, Мадуроның тұсында Венесуэлада инфляция деңгейі миллиондаған пайызға жетіп, азық-түлік пен дәрі-дәрмек таусылуға жақындап, миллиондаған адам шетелге қашқан.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу