Басты Жаңалықтар 7 микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды

7 микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды

Елімізде жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тексеру барысында ұйымдардың заң талаптарын жүйелі түрде бұзғанын анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Лицензияны қайтарғандардың ішінде «MaxMoney» ЖШС, «Microfinance Systems», «SurfKaz Finance», «MFO№1», «Үміт Финанс», «Вивус», «EL QAZYNA» ЖШС-тері бар. Аталған ұйымдар бұдан әрі шағын несие бере алмайды. Сондай-ақ қолданыстағы келісімшарттардың шарттарын өзгертуге олардың құқығы жоқ. Заң бойынша бұл Микроқаржы ұйымдары 30 күн ішінде атауларынан «микроқаржы ұйымы» деген сөзді алып тастап, қайта тіркелуге тиіс. Болмаса, компанияны қайта құру немесе толық тарату туралы шешім қабылдануы керек.

Бөлісу