Басты Жаңалықтар Жоғалды делінген 17 мың адам табылды

Жоғалды делінген 17 мың адам табылды

Із-түзсіз жоғалған 17 мыңнан астам азаматтың қайда жүргені анықталды. Қазір елімізде тұрғын аудандардағы құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Рейд барысында тәртіп сақшылары 249 мыңға жуық тұрғын үй нысанын, 13 мыңға жуық жалдамалы пәтерді, жатақхана мен хостелдерді тексерген. Нәтижесінде тіркеусіз тұрып жатқан 9 мыңға жуық адам анықталды. Олардың 7 мыңнан астамы шетел азаматы. Ал баратын жері жоқ 2 мың адам полиция органдарына жеткізілген. Сонымен қатар іздеуде жүрген мыңнан аса азамат ұсталып, 1 511 құқық бұзушылық анықталды. «Қауіпсіз үй» іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады.

Бөлісу