Тереза Мэй екінші рет Брексит туралы референдум өткізуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тереза Мэй екінші рет Брексит туралы референдум өткізуден бас тартты

22.01.2019

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елді Еуропа Одағынан шығару мәселесі бойынша екінші референдум өткізу идеясын қолдамады. Қазір ол қауымдар палатасын одақпен ажырасу туралы келісімге дауыс беруге үгіттеп отыр. Сонымен қатар, парламенттегі сөзінде Мэй өз билігінің болашағы мен мерзімінен бұрын сайлау өткізуге қатысты ештеңе айтқан жоқ.

Біріккен Корольдіктің Еуропа Одағынан шығуына 66 күн қалды. Алайда, сол ажырасудың шарттары әлі дайын емес. Сондықтан Брекситті кейінге қалдыру, референдумды қайта өткізу туралы ұсыныстар кейінгі күндері жиі айтылып жүр.

Айта кету керек, парламент үкімет басшысының одақтан бөліну туралы келісім жобасын қаңтардың 29-да қайта дауысқа салады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу