Жамбыл облысында жаңа өткел салды
Жамбыл облысы, Жуалы ауданында жүргізушілерді жылдар бойы әуреге салған көпір мәселесі шешімін тапты. Бауыржан Момышұлы ауылында 1 млрд теңгеге жуық қаржыға жаңа жол өткелі салынды.
Темір жол желісінің жер асты бөлігіндегі нысан Республика күніне орай ел игілігіне берілді. Көпір бұрын бір бағытты болғандықтан екі жаққа өтетін көлік иелері бірін-бірі өткізіп, кезек күтіп тұратын. Енді қос бағыттағы жаңа туннель аудан орталығында тұратын 16 мың тұрғынның жол азабын толық шешпек. Өткелдің ұзындығы – 31, ені – 8,5 метр. Ал биіктігі 5,3 метрге жетеді. Айта кетейік, биыл аймақта жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,4 млрд теңге бөлінді. Қаржыға 73 жоба жүзеге асты.
Байсейіт Жармұхаммед, Жуалы ауданының тұрғыны:
Осы темір жол соғылғалы мына кішкентай «тесік көпір» Жуалы ауданы тұрғындарының бір үлкен мәселесі болған. Әсіресе мына күздің күні, қыстың күні қандай қиындықтар, суға батып, мұзға қатып, тайғанақтап тығылып жатқан машиналар. Міне бір жылдың ішінде тез арада бүгін ашылып жатыр. Көп рахмет!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы