Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орағына қысылып қалды
Түркістан облысында мақта алқабында жүрген жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды. Жазатайым оқиға Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде болған.
17 жастағы бала туысымен комбайн жөндеп жатып, абайсызда аяғын комбайнның орақ аппаратына қысып алған. Өздігінен босап шыға алмаған соң оқиға орнына құтқарушыларды шақыртқан. Ауданның төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып, жасөспірімге көмек көрсетті.
Бала оқиға орнынан аудандық ауруханаға жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер науқасқа шұғыл түрде ота жасап, аяғын аман алып қалды. Қазіргі жағдайы қалыпты.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері қайырымдылық жасады
27.10.2026, 13:15
Ресейде Зика безгегі анықталды
27.10.2026, 13:12
Израильде парламентке сайлау болып жатыр
27.10.2026, 13:10
Жамбыл облысында жаңа өткел салды
27.10.2026, 13:07
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02
7 микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды
27.10.2026, 13:00