Мәскеуде Куриль аралдары үшін шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Куриль аралдары үшін шеру өтті

21.01.2019

Мәскеуде сан мың адам шеруге шығып, Куриль аралдарын Жапонияға қайтаруға қарсылық білдірді. Бұл территорияларды Кеңес одағы Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы күндері басып алғаны белгілі.

Айта кетсек, ертең Мәскеуге Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ барып, президент Владимир Путинмен кездеседі. Дегенмен, Кремльдің мәлімдеуінше, алдағы келіссөздерде Курильге Ресейдің иелігі туралы мәселе талқыланбайды.

«Куриль – Ресейдің жері, оны Жапонияға беру – сатқындық», - дейді демонстранттар. Алайда, Токио даулы аралдарды Солтүстік территориялар деп атап, оларды күндердің күнінде өзіне қайтарудан үмітті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу