Карлос Гон «Nissan» мен «Mitsubishi» компанияларынан 7,8 миллион еуроны заңсыз алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карлос Гон «Nissan» мен «Mitsubishi» компанияларынан 7,8 миллион еуроны заңсыз алған

18.01.2019

«Nissan» мен «Mitsubishi» компанияларының өкілдері өздерінің бұрынғы басшысы Карлос Гонның 7,8 миллион еуроны заңсыз алғанын мәлімдеді. Қомақты қаржының Гонның қолына осылайша өткені екі бірлескен кәсіпорынның қазіргі атқарушы директорлары Хирото Саикава мен Осаму Масукоға ескертілмеген. Енді «Mitsubishi» мен «Nissan» бұрынғы президенттің бұл әрекетін заңбұзушылық деп қарастырып, қолды болған ақшаны қайтаруды мақсат етіп отыр. 

Айта кетсек, Гон қарашаның 19-да тұтқындалып, қазір Токиода қамауда отыр. Ол 8 жылда «Nissanнан» алған сыйақыларды 80 миллион долларға азайтып көрсеткен. Сонымен қатар, Карлос Гон валюталық келісімшарттардан жеке басына келген 17 миллион доллар шығынды «Nissanның» есепшотына ауыстырып, саудиялық бизнесменге автоконцерн есебінен миллиондаған долларды заңсыз аударды деген мәлімет бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу