Тунисте автобустар, пойыздар тоқтап, ұшақтар әуеге көтерілмеді. Сонымен қатар, мектептер мен ауруханалар, медиаұйымдар мен мемлекеттік кеңселер де жұмысын доғарып жатыр. Өйткені, кәсіподақтар елде жалпыхалықтық ереуіл жариялады. Олардың билікке қояр негізгі талабы – 670 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысын көтеру.
Дегенмен, үкімет айлықты өсіруге қауқарсыз. Өйткені, Тунис бюджет тапшылығын жою үшін 2016 жылы Халықаралық валюта қорынан 2,8 миллиард доллар несие алды. Сондай-ақ, сол көмекке қол жеткізу үшін ел үкіметі мемлекеттік шығындарды қысқартуға келісті.
Айта кетсек, Тунис экономикасы Бен Әли режимі құлағаннан кейін экономикалық дағдарысқа ұшырап, оны әлі еңсере алмай келеді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.