Басты Жаңалықтар 40 жылдай жасырынған қылмыскер тұтқындалды

40 жылдай жасырынған қылмыскер тұтқындалды

Италия түрмесінен 40 жылға жуық уақыт бұрын қашып кеткен экстремистік ұйым жетекшісі Чезере Баттисти Боливияда тұтқындалып, бүгін ұшақпен Римге жеткізілді. Ол өткен ғасырдың 70-ші жылдары коммунистік қарулы ұйымға басшылық етіп, саяси мақсатпен 4 адам өлтірген. Ал, 1981 жылы түрмеден қашқаннан кейін Баттисти Францияда тұрып, сол кездегі президент Франсуа Миттеранның қамқорлығына жүгінді деген мәлімет бар. Одан кейін қылмыскер Бразилияға кеткен. Онда да Баттисти президент Лула да Силваның көмегімен елде тұруға рұқсат алды. Алайда, Бразилияда былтыр билік ауысқанда, италиялық экстремист Боливияға қашып, сенбі күні интерполдың қолына түскен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу