Қытай дәрігерлері жүрек соғысы 72 сағатқа тоқтап қалған әйелді құтқарды. Докторлар мұны «ғажайып» жағдай деп сипаттап отыр. 26 жастағы азаматша Фуцзянь провинциясындағы госпитальге қаңтардың 1-де түскен. Оған «миокардит» деген диагноз қойылды. Сондықтан, аурухана мамандары әйелді аман алып қалу үшін дем беретін аппаратпен, бүйрек терапиясының көмегімен оның жүрек соғысын, өкпесі мен бүйрек қызметін қалпына келтіруге күш салды. Қаңтардың 6-да пациенттің бойына қан жүгіре бастаған. Ал, арада үш күн өткенде қан қысымы мен тыныс алуы қалпына келген әйел ақыры есін жиып, өзін жақсы сезіне бастағанын айтқан.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.