Ресейде пима кию қайтадан сәнге айналып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде пима кию қайтадан сәнге айналып барады

11.01.2019

«Сұлуынан жылуы». Көршілес Ресейде соңғы кездері кәдімгі пима кию қайтадан сәнге айналып барады. Себебі, Сібірдің сақылдаған сары аязы кезінде жүннен жасалған пимадан жылы аяқ киім жоқ. Оның үстіне, бүгінгінің пималары да, бұрынғыдан өзгерек. Мәселен, мәскеулік Яна Цукер орыстың ұлттық аяқ киімі саналатын пималарды замануи үлгіде бастырып, қайта жандандырып жүрген жанның бірі. Оның шағын ғана цехында жасалатын пималар ерекші сәнді. Өнімдер негізінен киізден жасалғанымен, оның табаны су өтпейтін материалмен қапталып, түрлі жылтыр әшекейлермен безендіріледі. Осылайша жылы, жеңіл әрі сәнді аяқ киімдерге күн өткен сайын сұраныс артып келеді. 

Яна Цукер, «Валенки» жобасының құрылтайшысы:

- Біздің пималар заманауи үлгіде жасалады. Сол арқылы бұрынғы дәстүрімізді қайтадан жаңғыртып жатырмыз. Алайда, сұраныс болу үшін оларды сәнді етіп басамыз.

Наталья Плотникова, «Валенки» көрмесінің жетекшісі:

- Ресейдің қытымыр қысы үшін пимадан өткен жақсы аяқ киім жоқ. Себебі, оның құрамындағы жүн дым тартса да, бәрібір бойды жылытып тұрады. Сондықтан, пима кию біздің елде кең таралған.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу