20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
Қостанайда елдегі ең үлкен жабық аквапарктың құрылысы аяқталды. 20 жылдық тарихы бар ескі ғимарат сүріліп, орнына жаңасы тұрғызылды. Бүгін нысанның ашылу салтанаты өтті. Аумағы 10 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимарат 500 адамға шақталған. Оның негізгі бөлігі аква аймаққа жеті бассейн мен бірнеше су сырғанақтары, тіпті толқынды теңіз жағасы іспеттес су алаңы салынды. Ең үлкен аттракционының ұзындығы 75 метрге дейін жетеді, сондай-ақ алаңда фуд-корт, демалыс аймақтары да бар. Жобаның жалпы құны - 11 млрд теңге. Нысан толық іске қосылғаннан кейін жүзден аса тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Рауан Байгенжин, жоба жетекшісі:
Қазіргі кезде техникалық ашылуы өтуде. Бұл яғни біздің құрылыс жұмыстары 99%-ға аяқталған деп саналады. Тестілеу жұмыстары және де барлық инженерлік құрылғыларды іске қосу жұмыстары өтуде қазір. Қыркүйек айында ашылу күні белгілі болады.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06