Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
Ақтөбе облысының Ойыл ауылында жаңа көпір қолданысқа берілді. Ұзындығы 280 метр болатын нысанның жалпы құны 3,2 млрд теңге.
Ойыл өзенінің екі бетіндегі елді мекендерді байланыстыратын ескі көпір 2024-інші жылғы су тасқыны кезінде бұзылып, көлік қатынасына едәуір қиындық тудырған еді. Тұрғындар екі жыл бойы айналма жол мен уақытша өткелді пайдаланып келді. Бүлінген көпір бұзылды. Ал құрылыс жұмыстары 15 айға созылды. Барлығы 70 қада қағылса, оның 30-дан астамы 26-38 метр тереңдікке орнатылды. Үстіне монолитті плиталар құйылып, асфальт жабындысы төселді. Құрылыстың күрделі болуына байланысты барлық жұмыстар қатаң техникалық бақылауда болды. Бұл өңірде салынған ең үлкен көпірдің бірі.
Владимир Розметов, құрылыс компаниясының бас директоры:
Үлкен көпір, тоғызыншы категория, ең мықты көпір. Мұнда кез келген 40-50 тонналық машиналар да жүгімен өте алады. Көпірді жасағанда осы жерде 70 адам жұмыс істеді, соның 35 осы ауылдың халқынан жұмысқа қостық.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16