Кітап оқу мәдениеті артып келеді
Елімізде кітап оқу мәдениеті артып келеді. Бір ғана мысал, соңғы жылдары Ақтөбе облысында кітапханаға келіп, ғылыми және көркем әдебиет оқитын жастардың саны 30 пайызға артқан.
Зиялы ұлт тәрбиелеуде кітаптың алар орны бөлек. Сондықтан кітапханаларды заман ағымына бейімдеу, цифрландыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Баршаға қолжетімді Ұлттық сандық кітапхана платформасы іске қосылады. Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастырудың аса маңызды екенін Мемлекет басшысының өзі үнемі айтып келеді. Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағына да кітаптың пайдасы мен жалпы ұлт руханиятына қатысты оралымды ойлар мен құнды пікірлер топтастырылған.
Сұлушаш Хакимова, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқитын ұлтты қалыптастыру, зерделі мәдениетті қалыптастыру бағытында көп бізге бағыт-бағдар беріп отыр. Озық ойлы, білімді ұлт болудың төте жолы, әрине, кітап оқу. Әр парақ бізді жаңа жолға апарады, білім жолын ашады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы