Қытайдың Сычуань провинциясында телекоммуникациялық жерсерік ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Сычуань провинциясында телекоммуникациялық жерсерік ұшырылды

25.12.2018

Спутник жергілікті уақытпен сағат 00:53-те Long March-3C зымыранымен көкке самғады. Жергілікті ғарыш орталығы басшысының мәлімдеуінше, жерсерік сәтті ұшырылған. Оны қытайлық ғылым және техника аэроғарыш корпорациясы құрастырған. Осылайша, Long March компаниясы 300-ге жуық миссияны тәмамдады. Келер жылы ол кемінде 15 спутник ұшыруды жоспарлап отыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу